18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №408

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 5 маусым,   Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдары № 408 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-қүжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 508-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 және 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1078 қаулысының 1-тармагының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 540-қүжат). 4.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылгы 27 желтоқсандағы № 1416 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 88-қүжат). 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармагы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат). 6. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013жылгы 2 тамыздағы № 771 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж„ № 43, 638-құжат).